Қазақстанның туристік әлеуеті Майндағы Франкфурт қаласында әлемдік іскерлік туризм көрмесінде ұсынылды

Қазақстанның туристік әлеуеті Майндағы Франкфурт қаласында әлемдік іскерлік туризм көрмесінде ұсынылды

Майндағы Франкфурт, 2024 жылғы 16 мамыр – 2024 жылғы 14-16 мамыр аралығында өтіп жатқан IMEX Frankfurt 2024 іскерлік туризм саласындағы әлемдік жетекші көрме алаңдарының бірінде Қазақстанның туристік әлеуетін Алматы туризм бюросы (Almaty Tourism Bureau) таныстырды.

Іс-шара аясында Almaty Tourism Bureau МІСЕ департаментінің басшысы Айнура Турежанова мен МІСЕ труизмді дамыту жөніндегі кеңесші Хелена Махуас жетекші шет елдердің өкілдерімен көптеген B2B кездесулер өткізді.

MICE-туризм соңғы жылдары Қазақстанда туризмнің басым түрі болып табылады. MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі жыл сайын 7,5% өсіммен 725 млрд долларға бағаланады.

IMEX Frankfurt (Worldwide Exhibition for Insentive Travel, Meetings and Events) – бизнес-туризмнің, саяхаттардың, кездесулер мен іс-шаралардың ірі халықаралық көрмесі. Халықаралық көрме жұмысына жыл сайын 150 елден іскерлік туризм өкілдері қатысады.

Ағымдағы жылы шараның тақырыбы: «Мақсатты кездесулер - оларды терең мағынамен және түсіністікпен қалай жоспарлау керек».