
19 маусымда Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаевтың «AirAstana» АҚ-ның Орта және Шығыс Азия мен Түркия бойынша директоры Сюзит Хеттихевамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ұлттық авиатасымалдаушының Франкфурттағы өкілдігінің қазіргі уақыттағы жағыдайы мен болашақтағы басымдықтарының мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, «AirAstana» әуе компаниясының өкілі екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны өтудегі шектеулер алынған жағыдайда Нұр-Сұлтан – Франкфурт және Қостанай -Ганновер бағыттары бойынша рейстерді 2020 жылғы 1 шілдеден қалпына келтіруге қазақстандық әуекомпания қызығушылық танытатынын хабарлады.
Ағымдағы жылдың наурызы мен маусымы аралығында «Air Astana» әуе компаниясы «Франкфурт – Орал» және «Амстердам – Атырау» бағыты бойынша рейстерді тұрақты түрде жүзеге асырды және олардың арқасында коронавирустың пандемиясы кезінде елге 6 мыңнан астам қазақстандық азаматтар елге оралуға мүмкіндік алғанын атап өту қажет.