
«Отандастар» қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, шетелдегі қазақ диаспорасының балаларын «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырғаны туралы хабарлаймыз.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстары 2020 жылдың 15 маусымынадейін m.bidauletova@daryn.kz электрондық поштаcы арқылы қабылданады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен және РМК «Дарын» мен «Отандастар» Қорының дипломдарымен марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: + 496997146740, + 496997146744.