Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қаза тапқан кеңестік жауынгерлердің Майндағы Франкфурттағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Қазақстан Республикасының Бас консулдығы  қаза тапқан кеңестік жауынгерлердің Майндағы Франкфурттағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

2020 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында Майндағы Франкфурт қаласының Орталық зиратындағы кеңестік әскер жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шара Гессен федералдық жерінде COVID-19 індетінің таралуын болдырмау мақсатында қабылданған сақтық шараларының шеңберінде қоғам өкілдерінің қатысуынсыз шектелген форматта өткізілді.