Қазақстан Республикасының Бас консулының Штутгарт қаласына сапары туралы

Қазақстан Республикасының Бас консулының Штутгарт қаласына сапары туралы

  31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бас консулы Ермұқамбет Қоныспаев Баден-Вюртенберг Федералдық жері Үкіметінің ресми қабылдауға қатысу үшін Премьер-министрі  Винфрид Кречманның шақыруымен Штутгарт қаласына барды.

  Сапардың шеңберінде «Truckenmuller & Company GmbH» және «Schiff GmbH & Co.KG» компанияларының басшыларымен кездесулердің барысында екі ел іскерлік топтары арасындағы инвестиция саласы бойынша ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктері талқыланды және бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.

  Баден-Вюртенберг Федералдық жері Еуропалық одақтақтағы бәсекелестігінің дамуы түрғысынан алдыңғы қатарлы аймақ болып табылады. Экономикасындағы өндірістік мекемелер мен жоғарғы технологиялы өнеркәсіптердің мөлшері өте жоғары. «Daimler», «Porsche », «Robert Bosch », «Hugo Boss», «SAP», «Wurth Fischer», «Knauf» жәнетағы басқа әлемге әйгілі компаниялар осы аймақта орналасқан.