
«Отандастар» қорының өкілдері ғылыми жоба аясында Германия Федеративтік Республикасында болды. Іссапар барысында қазақстандық тарап Германияда тұратын диаспораларға қолдаудың түрлері мен нысандарын ұсыну, мемлекеттік және басқа бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастардың қоныс аударуға (репатрацияға) және бейімделуге көмек көрсетудің тәжірибесімен, тиісті заңнамаларымен танысты.