ҚР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖСН ЖОҚ ПАСПОРТТАРЫНЫҢ
ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігінде қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған жағдайда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап олар жарамсыз деп танылады.
Бұл ретте Қазақстанға ескі үлгідегі ЖСН жоқ паспорттарымен жеке тәртіпте келген Қазақстан Республикасының азаматтары тұрақты тұратын жеріне қайта оралуы кезінде және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту барысында паспорттарының жарамсыздығы себебінен ұшуға жіберілмейді.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бақылау-өткізу бекеттерінде орын алатын келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында ЖСН-і жоқ паспорттардың жарамсыздығы және оларды жаңа үлгідегі паспорттарға ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда сұрақты және кері байланыс үшін телефон нөмірін көрсете отырып, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін +49-69-971-4670 телефоны немесе эл. пошта: konsul.fra@mfa.kz арқылы жүгінуге кеңес береміз.
ҚР Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығының қабылдау сағаттары: сәрсенбі, сенбі, жексенбі және ҚР мен ГФР мереке күндерінен басқа, сағат 9.30-дан 12.30-ға дейін.