Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚР Консулдық мекемелері арқылы ҚР азаматтарына:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;
  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
  • шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

Назар аударамыз!!! Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу Консулдық мекеменің құзыретіне жатпайды.

  • Өтініш 2 данада.
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорттың басты беті, консулдық есеп штампы 2 данада).
  • Өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде).
  • Тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжаттың бірі (түпнұсқа және көшірме 2 данада).
  • Егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама (Negativbescheinigung) (түпнұсқа және көшірме 2 данада). ҚР-дың азаматы болып танылған және неміс азаматтығын алуға өтініш берілмеген жөнінде анықтама берілген мерзімнен кейін 30 күн ішінде ҚР ГФР-дағы консулдық мекемесіне және қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен ұсынылуы тиіс
  • ГФР-да тұрақты тұруды растайтын құжат (Aufenthaltstitel түпнұсқа және көшірме 2 данада).
  • Консулдық алымның төленгенін растайтын құжат (Quittungsbeleg, Kontoauszug).
  • Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда).

Назар аударамыз! Германия Федеравтивтік Республикасының құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастырылған немесе апостиль мөртаңбасы қойылған кезде қабылданады. Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

  • белгіленген үлгідегі паспортты ресімдеуге өтініш - 2 данада;
  • паспортты жоғалту себептерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі сауалнама-өтініш - 2 данада;
  • туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері - 2 данада;
  • ҚР азаматы паспортының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері (егер Сізде болған жағдайда) немесе Сіздің жеке басыңызды куәландыратын және ГФР-ға тұрақты тұруға шығуды растайтын басқа да құжаттар - 2 данада;
  • неміс билігінің (Negativbescheinigung) өтініш берушіде ҚР азаматтығын тану және неміс азаматтығын алуға өтініштің болмауы туралы анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліне расталған аудармасымен) - 2 данада. Аталған анықтама ҚР консулдық мекемесіне берілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс. Negativbescheinigung-тан басқа анықтамалар қабылданбайды!
  • полиция учаскесінен паспортты жоғалту жөнінде өтініш бергеніңіз туралы (мемлекеттік немесе орыс тіліне расталған аудармасымен) анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі - 2 данада;
  • түрлі–түсті фотосуреттер 3,5х4,5 - 4 дана (фотосурет өтініш берушінің консулдық мекемеге құжаттарды тапсыру кезіндегі жасына сәйкес келуі, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосурет жалпы ауданының кемінде 75% құрауы тиіс);
  • ҚР Бас консулдығының есеп шотына 75 еуро мөлшерінде консулдық алымды төлеу туралы түбіртектің түпнұсқасы (төлемді тікелей ҚР Бас консулдығында жүзеге асыруға болады).

Назар аударамыз! Германия Федеравтивтік Республикасының құзыретті органдары берген, жасаған немесе белгіленген нысан бойынша куәландырған құжаттар заңдастырылған немесе апостиль мөртаңбасы қойылған кезде қабылданады. Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

  • Құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 90 күн
  • 75 еуро 

    Generalkonsulat von Kasachstan

    IBAN: DE54100700000238165501

    SWIFT (BIC): DEUTDEBB

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Мекен-жайы: Beethovenstrasse 17, 60325 Frankfurt am Main

Телефон арқылы хабарласыңыз: +49 69 9714670 және / немесе электрондық пошта: konsul.fra@mfa.kz. 

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары