Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына сапарлар үшін визасыз режимді қалпына келтіру туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА САПАРЛАР ҮШІН

ВИЗАСЫЗ РЕЖИМДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ

2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 23:59-да "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің (кетуінің) және олардың Қазақстан Республикасында болуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 220 қаулысының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз режим келесі елдердің: Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтарына қалпына келтірілетінін хабарлаймыз.

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
31 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары