Меню

Страницы

Статья

АӨСШК СЕНІМ ШАРАЛАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ

АӨСШК Сыртқы істер министрлері кездесуінің шешімімен қабылданды

 

 

АӨСШК СЕНІМ ШАРАЛАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ

 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңеске  (АӨСШК) мүше мемлекеттер,

Азия континентіндегі ынтымақтастықты кеңейту, бейбітшілік, сенім және достық атмосфераны құру және нығайту мақсатында,

БҰҰ Жарғысының, Алматы актісі мен АӨСШК-нің басқа да құжаттарының қағидаттары мен мақсаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарына сәйкес әрекет ете отырып,

Азияның әртүрлі өңірлеріндегі ахуалдың ерекшелігі мен өзгешеліктерін ескере отырып,

Азия континентінде сенімді нығайтуға әкелетін мынадай қағидаттар мен шараларды, және оларды екіжақты және/немесе көпжақты негізде практикада іске асыруға келісті.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1.  Мүше мемлекеттер, бір жағынан сенім шаралары, екінші жағынан дауларды бейбіт жолмен реттеу және қару - жарақ пен қарусыздануды бақылау жөніндегі келісімдерді орындау, бір-бірін толықтыратынын және ерекше жағдайларға байланысты өзара келісім бойынша мүдделі мемлекеттермен қатар қолданылуы мүмкін екенін мойындайды.

1.2.  Азиядағы алуантүрлілік әскери-саяси өлшемдердегі шаралардың, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі шаралардың маңыздылығын көрсетеді.

1.3.  АӨСШК сенім шаралары біртіндеп және ерікті түрде жүзеге асыру негізінде қолданылады. АӨСШК сенім шараларының каталогы және онда көрсетілген шаралар ұсынымдық сипатта болады. Мүше мемлекеттердің кез келгені орынды және оның мақсаттарына сәйкес келетін жерде қолдану үшін осы каталогта белгіленген белгілі бір шараларды таңдай алады. Мүше мемлекеттер таңдаған шаралар адал және мүмкіндігінше толық іске асырылуы тиіс.

1.4. Каталогтың сенім шаралары басқа сенім шараларына, қауіпсіздік жөніндегі келісімдерге және/немесе қатысушы мүше мемлекеттер арасындағы қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі уағдаластықтарға залал келтірмейді және осы шаралар мен келісімдержәне/немесе уағдаластықтар бойынша құқықтар мен міндеттерді өзгертпейді.

1.5. Бұл каталог мүше мемлекеттер арасында немесе басқа мемлекеттермен  сенім шараларын қабылдауына ештеңе кедергі келтірмейді.

1.6. Мүдделі мүше мемлекеттер олардың арасында келісілген сенім шараларына сәйкес ақпарат алмасуы мүмкін. Олар сондай-ақ осы ақпаратты одан әрі тарату үшін АӨСШК хатшылығына жіберуді алдын ала қарастыруы мүмкін.

1.7. Осы каталогтың ережелеріне сәйкес ақпарат алатын мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің келісімінсіз берілген ақпаратты жариялай, тарата немесе үшінші тарапқа бере алмайды.

  • Мүше мемлекеттер АӨСШК өңірінде неғұрлым кеңінен жүзеге асыру мақсатында сенім шараларының тиімділігін және қолайлығын айқындау және қажет болған жағдайда бәтуаластықпен осы сенім шараларына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін каталогтың іске асырылуына шолу жүргізіп отырады.

2.Әскери-саяси өлшемдегі сенім шаралары

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әскери-саяси өлшемде өзара сенімді нығайту үшін мүше мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы өздерінің заңды мүдделерін ескере отырып, мынадай шараларды қабылдай алады:

2.1. Ақпарат алмасу, көлемі, модальдылық және оны іске асырылу мүмкіндігіне мүдделі мүше мемлекеттердің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай мәселелер бойынша келісіледі:

а) қарулы күштердің құрамдастары;

  1. b) қорғаныс бюджеттері;
  2. c) мүше-мемлекеттердің аумақтарында шетелдік әскери контингенттің болуы, егерде мұндай ақпаратты ашуға осындай контингентті орналастыратын ел рұқсат берсе;
  3. d) шетелдік әскери контингенттердің қатысуымен оқу-жаттығулар және жоспарланатын әскери іс-қимылдар туралы хабардың модальдылығы мен параметрі мүдделі мүше мемлекеттермен келісіледі.

2.2. Мүше мемлекеттер елдерінен байқаушыларды әскери оқу-жаттығуларға шақыру.

2.3. Қауіпті және тосын әскери сипаттағы оқыс оқиғалар мүше мемлекеттердің шекара маңындағы аудандарына тікелей жақын жерде орын алса, констультация секілді тетіктерді пайдалануды қарастыру.  

2.4.Мүше мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтың мынадай нысандарын дамыту:

а)  әскери лауазымды адамдар мен әскери оқу орындары өкілдерінің өзара іс-сапарлары;

  1. b) ұлттық мерекелерге, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзара шақыру;

с)  әскери ведомстволардың басшы құрамының өмірбаяндық деректері туралы ақпарат алмасу;

  1. мүше мемлекеттермен келісілген ынтымақтастықтың басқа да нысандары.

2.5.    Олардың қатысу мәртебесі туралы ақпарат алмасу немесе қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі көпжақты құралдарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігі туралы конвенцияларды ратификациялау.

 

  1. Жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге күрес

3.1. Мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің жолын кесу және әрбір мүше мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сепаратистік және экстремистік ұйымдар іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.

3.2. Мүше мемлекеттер террористік, сепаратистік, экстремистік әрекетке және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес туралы ақпарат алмасады және қажет болған жағдайда олардың іс-әрекеттеріне қарсы күрестің тетіктерін әзірлейді.Осы мақсатта мүше мемлекеттер құқық қорғау саласындағы өздерінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасып, осы органдар арасында байланыстар орнатуға және нығайтуға жәрдемдесуі мүмкін.

3.3. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруы мен оларды жеткізу құралдарының таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақпарат алмасудағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде шаралар қолдана алады.

          3.4. Мүше мемлекеттер есірткі трафигіне, адам саудасына, ақшаны жылыстатуға, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа, тасымалданатын зениттік-зымырандық кешендерді (ҚРҮҚ) қоса алғанда, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға, сондай-ақ жарылғыш заттар мен уландырғыш материалдардың контрабандасына қарсы күрес үшін қабылдайтын шаралар туралы ақпарат алмасады.

          3.5. Мүше мемлекеттер  терроризм және ұйымдасқан қылмыс жөніндегі тиісті халықаралық-құқықтық құралдарға қосылу немесе оларды ратификациялау мәртебесі туралы, сондай-ақ олардың терроризм мен оның барлық нысандары мен көріністеріне қарсы күресті кеңейту үшін қабылдаған қадамдары және БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес ұйымдасқан қылмыс туралы ақпарат алмасады.

 

  1. Экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі сенім шаралары

Мүше мемлекеттер экономикалық, экологиялық және адами өлшемдерде өзара сенімді дамыту мен нығайту мақсатында өздерінің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай шараларды қабылдай алады:

4.1. Сауда және экономика салаларында жалпы деректер базасын және ақпарат алмасу жүйесін құру.

4.2.    Тиісті екіжақты және көпжақты құралдар бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмей, қоршаған ортаны, әсіресе шекара маңындағы аудандарды қорғау жөніндегі жалпы бағдарламаларды әзірлеу және қолдану.

4.3.    Олардың пікірінше, көрші елдерге зиян келтіруі мүмкін өз аумақтарындағы табиғи және өнеркәсіптік апаттар туралы ақпарат алмасу.

4.4.    Халықаралық туризм мен туристік инфрақұрылымды дамытуға жауапты өзінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ осы органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдемдесу.

4.5.    Күдікті қаржылық мәмілелерге, заңсыз қаржылық операцияларға қатысты ақпарат алмасу және құзыретті органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдем көрсету.

4.6.    Осы ведомстволар арасында байланыс орнату және нығайту мақсатында өздерінің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық ведомстволары, іздестіру–құтқару операциялары туралы ақпарат алмасу. Қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттер төтенше жағдайлар мен құтқару операциялары саласындағы өзара іс–қимылды ұйымдастыруға және табиғи катаклизмдер мен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету жүйесін құруға жауапты үйлестіру органын айқындайды.

4.7.    Өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпаратты таратуға, халықтар арасындағы өзара құрмет пен тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру.

          4.8.    Ғылыми және білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды дамыту, соның ішінде ғылыми тәжірибелік алмасулар, студенттердің академиялық алмасуы, АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу үшін ұсыныстар мен жобалар әзірлеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу.

          4.9.    Өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамыту.

 

Алматы, 22 қазан 2004 жыл

Дата публикации
19 сентября 2021
Дата обновления
19 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары