Меню

Страницы

Статья

Алматы Актісі

Кіріспе

 

Біз, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің мемлекет немесе үкімет басшылары,

Азиядағы қауіпсіздікке қатысты біздің көзқарасымызды салыстыру және біздің халықтарымыздың ортақ алаңдаушылығын тудыратын мәселелер жөніндегі ынтымақтастыққа мүмкіндіктерімізді кеңейту үшін Алматыда Азияда және әлемде болып жатқан шексіз өзгерістер кезеңіндекездесе отырып;

Азиядағы және әлемнің басқа да өңірлеріндегі бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық арасындағы тығыз байланыстың бар болуынмойындай отырып;

Оны диалогқа және ынтымақтастыққа арналған ашық аймаққа айналдыру арқылы,Азиядағы бейбітшілікке және қауіпсіздікке жұмыс істеуге міндеттене отырып;

АӨСШК процесі Азиядағы ынтымақтастық, бейбітшілік және қауіпсіздік үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын негізге ала отырып;

Ондағы барлық мемлекеттер бейбітқатар өмір сүретін, ал олардың халықтары бейбітшілік, бостандық және өркендеу жағдайында өмір сүретін бейбітшілік, қауіпсіздік және даму бағытында бір-бірін толықтырады, нығайтады және күшейтеді деген сенімге толыАзиядағы қауіпсіздіктің ортақ және бөлінбейтін кеңістігін қалыптастыруға біздің бел байлағанымыз туралы мәлімдей отырып;

Біздің БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ осы Актінің ажырамас бөлігі болып табылатын АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттардың декларациясына біздің болашақ ынтымақтастығымыздың іргетасы ретінде бейілділігіміздірастай отырып;

Оның әскери-саяси аспектілерін, сенім шараларын, экономикалық және экологиялық проблемаларын, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты қоса алғанда Азиядағы қауіпсіздіктің жан-жақты жүйесінің барлық құрамдас бөліктері өзара тәуелді және өзара байланысты және белсенді түрде жұмылдырылуы тиіс дегенді назарға ала отырып;

Осы Актіге енгізілген толық, тең және жан-жақты іске асыру және қағидаттарды, ережелердіжәне міндеттемелерді сақтау АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы неғұрлым терең ынтымақтастыққа жағдай жасайтынына және біздің халқымызды лайықты жарқынболашаққа жетелейтініне сенімді бола отырып;

Төмендегілер туралы уағдаласты:

 

I.               Қауіпсіздік және ынтымақтастық

 

  1. АӨСШК қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін әзірлеу арқылы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
  2. Мүше мемлекеттер осы мақсатқа қол жеткізу үшін Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөніндегі консенсус негізінде шешімдер қабылдауға және шараларды жүзеге асыруға бағытталған диалогта, консультацияларда форум ретінде АӨСШК процесін дамыту жөнінде қажетті қадамдар жасайды.
  3. Біз жанжалдарға тартылған барлық мүше мемлекеттерді БҰҰ Жарғысында көзделген қағидаттарға сәйкес оларды бейбіт жолмен реттеуге шақырамыз және шақыруды жалғастырамыз.
  4. Сауданы және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Азиядағы өркендеуге, тұрақтылыққа және оның халқының игілігіне жәрдемдесуі мүмкін екенін мойындай отырып, біз АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясында көрсетілгендей, осы салалардағы бастамаларды ілгерілету үшін бұдан әрі күш-жігер жұмсаймыз. Сондай-ақ, біз қоршаған ортаға қауіп төндіретін барлық мәселелер жөніндегі ынтымақтастықты жақсарту қажеттілігін мойындаймыз.
  5. Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына, халықаралық конвенцияларға және өздері тараптары болып табылатын актілерге сәйкес адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды қорғау Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне өздерінің сенімдерін растайды. Олар сондай-ақ достық рухында осы саладағы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдейді.
  6. Табиғи апаттар мен босқындар ағындары сияқты гуманитарлық мәселелер жалпы алаңдаушылық тудырады деп санаймыз, өйткені олар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке де әсер етеді. Мүше мемлекеттер қажет болған жағдайда өңірде ынтымақтастық орнату, сондай-ақ БҰҰ-мен және басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасау арқылы осы мәселелерді шешуге арналған шараларды әзірлеуге бел буады.
  7. Өркениеттер арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет, өзара түсіністікті және төзімділікті нығайту біздің заманымыздың маңызды міндеті деп санаймыз. Мыңжылдықтың бірінші жылының «Өркениеттер арасындағы диалог жылы» ретінде жариялануын ризашылықпен атап өте отырып, біз бұл процесті белсенді түрде насихаттаймыз және оны нығайтамыз.
  8. Біз жаһандануды қазіргі заманның шақыруы ретінде қарастырамыз. Ол өсу мен дамудың белгілі бір мүмкіндіктерін ұсына алатын болса да, қазіргі кезеңде оның жемістері халықтар арасында біркелкі бөлінбейді және оларды жаһандық деңгейде жан-жақты және тең бөлуді қамтамасыз ету үшін әлі де атқаратын істер баршылық.
  9. Бірлескен іс-қимылдар және үйлестірілген жауап шаралары біздің елдеріміз бен халқымыздың тап болатын сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін еңсеру үшін қажет.

 

  1. Қауіпсіздік сын-қатерлері
  2. Мүше мемлекеттер өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады, бұл қазіргі дағдарыстық жағдайлардың және жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуіне және жаңа туындауының алдын алуға ықпал ететін болады.
  3. Химиялық және биологиялық қарулар сияқты ядролық қарудың барлық аспектілерінде сақталуы және таралуы бүкіл адамзатқа елеулі қауіп төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) толық жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уәде береді және осылайша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіретін ядролық қаруды қоса алғанда, барлық осындай қарудың таралуына жол бермеу ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде өзіне міндеттеме алады.
  4. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуымен халықаралық қоғамдастық ядролық қарусыздануды ең басым міндет ретінде қарастыруға мүмкіндік алды. Біз барлық мемлекеттерді ядролық қатерді жою жолдарын айқындау және жан-жақты қамтылған және бақылауға жататын ядролық қару жөніндегі конвенцияны әзірлеужөніндегі халықаралық конференцияны шақыру мүмкіндіктерін қоса алғанда, осы мақсатқа қол жеткізуге барынша ұмтылуға шақыратын боламыз. Біз көп жақты негізде әзірленген ЖҚҚ жою жөніндегі уағдаластықтарға жедел қосылудың маңыздылығын атап көрсетеміз және осы уағдаластықтарға әлі қосылмаған мемлекеттерді мұны мүмкіндігінше тезірек жасауға шақырамыз.
  5. Біз осы өңірдегі мемлекеттер арасында ерікті түрде қол жеткізілген келісімдер негізінде Азияда ядролық қарудан және ЖҚҚ-ның басқа да түрлерінен азат аймақтар құруды қолдаймыз. БҰҰ Бас Ассамблеясының консенсус негізінде қабылданған қарары бар Таяу Шығыс және Орталық Азия сияқты өңірлерде осындай аймақтар құруды көтермелеу қажет. Осы тұрғыда біз БҰҰ қарарларының консенсусы негізінде осы мәселелер бойынша қабылданған барлық ережелерге және мүдделі мемлекеттердің осы қарарларды орындау жөніндегі ұстанымдарына сәйкес қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық шарттарға қосылуға шақырамыз.
  6. Мүше мемлекеттер қару-жарақ пен қарулы күштердің ең төменгі деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне өздерінің сенімдерін растайды. Біз кәдімгі қару-жарақтың шамадан тыс және тұрақсыздандыратын жинақталуын болдырмау қажеттілігін мойындаймыз. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін халықаралық стратегиялық тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ қару-жарақтарды және қарусыздануды бақылаудағы ілгерілеуді жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеміз. Біз ашық кеңістікте қару жарысының алдын алу мәселесі жөніндегі көпжақты келіссөздер жүргізудің маңыздылығын атап өтеміз.
  7. Біз күш қолданудың немесе оны БҰҰ Жарғысын және мемлекеттердің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы халықаралық құқықты бұза отырып қолданудың тікелей немесе жанама қатері; шетелдік оккупацияланған халықтардың өзін-өзі анықтау құқығынан бас тарту (БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылуы тиіс құқық); мемлекеттердің ішкі істеріне араласу және шабуылды стратегиялық доктриналар өңірлік және халықаралық әлемге қауіп төндіреді деп санаймыз.
  8. Мүше мемлекеттер терроризмді оның барлық нысандары мен көріністерінде сөзсіз және біржақты айыптайды, сондай-ақ оның қолдауын немесе үнсіз мойындауын, сондай-ақ терроризмді тікелей айыптай алмайтындығын айыптайды. Соңғы онжылдықта терроризмнің қаупі артып келеді.Терроризм оның барлық нысандарында жекелеген адамдар мен халықтардың өміріне трансұлттық қатер болып табылады және мемлекеттердің аумақтық тұтастығына, бірлігіне, егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Терроризм қаупі оның есірткінің заңсыз айналымымен, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатумен және оны террористік топтарға кез-келген түрде берумен, нәсілшіл идеологиялармен және сепаратистік ұйымдармен, оның барлық нысандарындағы экстремизммен тығыз байланысының нәтижесінде артып келеді, бұл адам ресурстарымен террористік қызметті қаржыландырудың және толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Біз терроризмнің кез келген қылмыстық актілерін, әдістері мен тәсілдерін қарастырамыз, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте, оның ықтимал көздерін қоса алғанда, екіжақты және көпжақты негізде өзара іс-қимыл жасауға бел буғанымызды мәлімдейміз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген осы қатерді жою мақсатында біз кез келген мемлекеттің аумағында терроризмді дайындауға, оған жәрдемдесуге, насихаттауға және қаржыландыруға жол бермеу жөніндегі күш-жігерімізді өсіріп, біріктіретін боламыз және террористерге пана мен қорғаныш беруден бас тартамыз.
  9. Біз БҰҰ Конвенцияларының орындалуы терроризм мәселелерін шешуге ықпал ететінін мойындаймыз және жан-жақты қамтылған Халықаралық терроризм жөніндегі конвенцияның әзірленуін қолдаймыз.
  10. Сепаратизм – мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, егемендігіне, бірлігіне және аумақтық тұтастығына негізгі қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттің аумағында кез келген сепаратистік қозғалыстар мен ұйымдарды қолдамайды және, егер олар пайда болса, онда олармен саяси, экономикалық және басқа да қатынастар орнатпайды, мүше мемлекеттердің аумақтары мен коммуникацияларын жоғарыда аталған қозғалыстар мен ұйымдардың пайдалануына мүмкіндік бермейді немесе оларға қандай да бір экономикалық, қаржылық және басқа да қолдау көрсетпейді. Біз шетелдік басқыншылық жағдайында өмір сүретін халықтардың БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес өзін-өзі анықтау құқығын растаймыз.
  11. Біз террористік және сепаратистік қозғалыстардың және топтардың өз мақсаттарына жетуі үшін сылтау ретінде дінді қолданудан бас тартамыз. Біз сондай-ақ экстремизмнің барлық нысандарын қабылдамаймыз және елдеріміз бен халқымыз арасындағы төзімділікке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізетін боламыз.
  12. Есірткінің заңсыз айналымы мемлекеттеріміздің және тұтастай алғанда біздің құрылығымыздың ішкі және халықаралық тұрақтылығына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатына елеулі қатер төндіреді. Бұл мәселе кейбір өңірлерде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдаймен, бүкіл әлемдегі лаңкестік әрекеттермен және трансұлттық қылмысқа, «ақшаны жылыстатуға» және жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға қатысқан халықаралық қылмыстық топтармен тығыз байланысты. Біз Азияда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тұрғысында халықаралық қоғамдастық тарапынан бірінші кезекте назардыжәне көмекті талап ететін бірнеше ел бар екенін мойындаймыз.Біз сондай-ақ есірткі заттарының өндірісін, ұсынысы мен сұранысын қысқартуға бағытталған тиімді стратегияның қажеттілігін мойындаймыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Осы міндеттерді іс жүзінде орындауға жәрдемдесу мақсатында көпұлтты оқу курстары мен семинарлар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу ұйымдастырылатын болады. Біз сондай-ақ негізгі тұтынушы елдерді есірткі тасымалдау үшін өндіруші және транзиттік дәліз болып табылатын Азия елдеріне жабдықтарды ұсынуда, дайындық және білім беру курстарын ұйымдастыруда, оңалтуда, техникалық және қаржылық көмек көрсетуде неғұрлым белсенді рөл атқаруға шақырамыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Есірткі өндіретін Азия өңірлерінде өсімдік дақылдарын алмастыру жөніндегі жоспарларды және дамудың баламалы стратегияларын қабылдау және орындау есірткінің заңсыз айналымынан туындайтын қатерлерге неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл ретінде көтермеленуге тиіс.
  13. Біз сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты үйлестірілген көпжақты шаралар қабылдауды талап ететін трансұлттық қылмыстық әрекет ретінде қарастырамыз. Осыған байланысты біз заңсыз қаржы құралдарының және жағдайлардың орын ауыстыруына тыйым салу қажеттілігін, сондай-ақ осындай активтерді анықтау және репатриациялау жөніндегі кеңейтілген халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтеміз.
  14. Мүше мемлекеттер жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін және террористік іс-әрекетке, сепаратистік қозғалыстарға, есірткінің заңсыз айналымына және қарулы қақтығыстарға тікелей байланысты екенін мойындайды. Осы тұрғыда біз БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы және 2001 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның жеңіл және атыс қаруын заңсыз сату жөніндегі конференциясында қабылданған іс-қимыл бағдарламалары аясында әзірленген Атыс қаруы туралы хаттаманың мағынасын атап өтеміз.
  15. Біз Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін осындай қатерлердің алдын алу үшін екіжақты және көпжақты негізде бір-бірімізбен ынтымақтасуға нақты ниеттіміз.

 

III. Сенім шаралары

  1. АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу тұрғысында біз ынтымақтастықты кеңейтуге және бейбітшілік, сенім және достық атмосферасын құруға бағытталған шараларды әзірлеу және қолдану жөніндегі қажетті қадамдарды жасайтын боламыз. Мұндай шаралар БҰҰ Жарғысының, АӨСШК-ның және халықаралық құқықтың қағидаттарына сай келуі тиіс. Біз өз қызметімізде Азияның әртүрлі өңірлерінің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеріп, оны біртіндеп және ерікті негізде жүргізетін боламыз.
  2. Біз өңірдің аумақтық даулары бар барлық мемлекеттерін БҰҰ Жарғысының қағидаттарына және халықаралық құқыққа сәйкес келіссөздер арқылы оларды бейбіт жолмен шешуге күш-жігер жұмсауға шақырамыз. Біз аумақтық және басқа дауларды шешу және қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімдерді орындау нақты жағдайларға байланысты сенім шараларын жүзеге асыруға ықпал етуі мүмкін екенін мойындаймыз. Екінші жағынан, біз сенім шараларын жүзеге асыру нақты жағдайларға байланысты жанжалдарды шешуге және қару-жарақтарды бақылау жөніндегі келісімдерге қол жеткізуге қолайлы жағдай туғызуы немесе жасауы мүмкін екенін мойындаймыз.
  3. Қарусыздану мен қару-жарақтарды бақылау, жаппай қырып-жою қаруын жоюға қатысты барлық халықаралық шарттық актілердің әмбебаптығы, таратпауды ілгерілету өңір мемлекеттері арасындағы сенімді нығайту үшін маңызды екенін мойындаймыз. Біз тиісті халықаралық шарттарға қол қойған мемлекеттер ретіндегі біздің жағдайымыз осы уағдаластықтардың ережелеріне сәйкес бейбіт мақсаттар үшін зерттеулер жүргізуге, ядролық технологияларды, химиялық және биологиялық материалдарды және жабдықтарды өндіруге және пайдалануға осы шарттардың барлық қатысушыларының ажырамас құқығына әсер етуге қабілетті ретінде түсіндірілмейтіндігін растаймыз. Біз ядросыз мемлекеттерге қауіпсіздіктің теріс кепілдіктерінің маңыздылығын растаймыз және орындалуы міндетті халықаралық-құқықтық құжат нысанын қабылдай алатын осы бағыттағы кейінгі қадамдарды қарастыруға дайынбыз деп мәлімдейміз.
  4. Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде «АӨСШК сенім шаралары каталогын» әзірлейді және біртіндеп оларды жүзеге асыруға кіріседі. Үнемі қайта қаралатын және одан әрі пысықталатын Каталог, басқалармен қатар, әскери-саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және мәдени салалардағы іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін.

IV. АӨСШК-ның құрылымы және институттары

  1. Жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін біз АӨСШК-ге қажетті құрылымды және институттарды беруді шештік, олар негізінен мыналарды қамтиды:

1.Тұрақты кездесулер

  1. Мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесулері консультациялар өткізу, АӨСШК қызметіне шолу жасау және оның басым бағыттарын айқындау үшін әрбір төрт жыл сайын шақырылатын болады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін. Саммиттер алдында сыртқы істер министрлерінің кездесулері өтеді.
  2. Сыртқы істер министрлері екі жылда бір рет кездесулер өткізеді. Мұндай кездесулер консультациялар өткізу және АӨСШК қызметіне қатысты барлық мәселелерді қарау үшін негізгі іс-шаралар болып табылады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін.
  3. Аға лауазымды тұлғалар комитеті АӨСШК-нің алдыңғы шешімдерінің орындалуын бақылау, АӨСШК-нің ағымдағы мәселелері бойынша консультациялар жүргізу, Арнайы жұмыс топтарының қызметін қарау және басқа да кездесулердің жұмысын үйлестіру үшін жылына кемінде бір рет шақырылады. Комитет сондай-ақ құжаттар жобаларын әзірлеуді қоса алғанда, саммиттер мен министрлік кездесулерін ұйымдастыруға қажетті әзірлемелерді жүзеге асыратын болады.
  4. Арнайы жұмыс топтары АӨСШК мүдделерінің әртүрлі салаларына жататын ерекше мәселелерді зерделеу үшін құрылады және оларға тапсырылатын міндеттерді орындайтын болады.Олар өз жұмыстары туралы есептерді Аға лауазымды тұлғалар комитетіне ұсынатын болады.
  5. Мамандандырылған кездесулер
  6. Мүше мемлекеттер ерекше және/немесе техникалық сипаттағы мәселелерді талқылау үшін басқа министрлердің не құзыретті ұлттық ведомстволар мен ұйымдардың кездесулерін шақыру туралы уағдаласа алады.
  7. Ғылыми және кәсіби қызмет
  8. Қажет болған жағдайда ғылыми және кәсіби зерттеулер жүргізу және баяндамалар дайындауға мүмкіндік, сондай-ақ егер АӨСШК-нің тиісті шешімі болса, оларды одан әрі жариялауға жәрдемдесу ұсынылатын болады.
  9. Хатшылық
  10. Осы Актіде айтылған тұрақты кездесулерге, саяси консультацияларға және басқа да қызметтерге әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында біз АӨСШК Хатшылығын құруды қолдаймыз.Біз Сыртқы істер министрлеріне Хатшылықты құрудың барлық аспектілерін пысықтауды аяқтау жұмыстарын тапсырамыз.

 

 

2002 жылғы 4 маусымда

Алматы қаласындажасалды

Дата публикации
19 сентября 2021
Дата обновления
19 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары