Меню

Страницы

Статья

Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәлімет

1991 ж. 31 желтоқсан– Германия Федаративтік Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.

1992 ж. 11 ақпан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. желтоқсан – Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.

1993 ж. қыркүйек – Бонн қаласында ҚР Елшілігі ашылып, 1999 ж. Берлин қаласына көшірілді.

2022 ж. маусымынан бастап ҚР-ның ГФР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов болып табылады.

2021 ж. тамыздан бастап ГФР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Ең жоғары деңгейдегі сапарлар.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2019 ж. 5-6 желтоқсанда Берлинге, сондай-ақ 2020 ж. 14-16 ақпанда Қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу шеңберінде Мюнхенге ресми сапармен барды.

ГФР Федералдық президенті Ф.-В.Штайнмайер 2017 жылы Қазақстанға келді. ГФР Федералдық канцлері ретінде А.Меркель ҚР-ға 2010 жылдың шілде және желтоқсан айларында келді.

Қазақстанға сапармен келгендер: ГФР Сыртқы істер министрі Г.Вестервелле (2010 ж., 2012 ж.) және Ф.-В.Штайнмайер (2014 ж.).

Германияға сапармен барғандар: ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов (2012 ж.), ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Р.Скляр (2019 ж. қазан, 2020 ж. қаңтар, 2021 ж. қазан), Сыртқы істер министрлері Қ.Саудабаев (2009 ж.), Е.Қазыхан (2011 ж. шілде, желтоқсан) Б.Атамқұлов (2019 ж.), М.Тілеуберді (2020 ж., қаңтар), ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Е.Қазыхан (2021 ж. 6-7 желтоқсан).

Парламентаралық байланыстар

Парламентаралық байланыстар қарқынды дамуда, бұған екі ел парламентмүшелерінің өзара сапарлары дәлел. ҚР Парламентінің екі палаталарының спикерлері ГФР-ға 2012, 2015, 2017 жж. барды. Өз кезегінде Қазақстанға ГФР Бундестагының Президенті  Н.Ламмерт (2010 ж.), ГФР Бундестагының Вице-президенті Й.Зингхаммер, ГФР «Жасылдар партиясы» ақсақалдар кеңесінің Құрметті төрағасы Х.Модров (2015 ж. қыркүйек), герман Бундестагының Вице-президенті Х.-П. Фридрих (2019 ж., қыркүйек) келді.

ҚР Парламенті Мәжілісінде («Қазақстан-Германия») және Германия Бундестагында («Германия-Орталық Азия») парламенттік достық топтары белсенді жұмыс істеуде. 2021 ж. 21 мамырда ВКС режимінде Мәжіліс депутаттарының (А. Рау, А. Құспан және т.б.) «Германия-Орталық Азия» ПТ жетекші мүшелерімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Көпжақты ынтымақтастық

Қазақстан мен Германия халықаралық ұйымдар: БҰҰ, БҰҰ АҚК (Адам құқықтары жөніндегі кеңесі), ЕҚЫҰ және т. б. шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасауда.

Сонымен қатар, ГФР 2007 жылы ЕО-ның Орталық Азиямен әріптестік жөніндегі стратегиясын әзірлеуге бастамашы болды, 2019 жылғы 17 маусымда Еуропа Кеңесі қабылдаған «ЕО және Орталық Азия: неғұрлым мықты әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» атты жаңа стратегиясын әзірлеуге белсенді қатысты.

Қазақстан 2001 жылы ГФР ұсынған Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі Бонн бастамасының қатысушысы болып табылады (бастама шеңберінде 2001 және 2011 жж. 2 конференция өткізілді).

ГФР Орталық Азияға арналған су бастамасының бастамашысы болды («Берлин процесі», 2008-2019 жж.). 2020 ж. қаңтарда ГФР-дың Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның қауіпсіздік және орнықты даму саласындағы жаңа бастамасы – «Green Central Asia» («Жасыл Орталық Азия») таныстырылымы өтті.

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары