Меню

Страницы

Статья

Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның ГФР-ға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Германия арасында визалық режим орнатылған (ҚР дипломатиялық паспорттарының иелері үшін ГФР-ға  жалпы "180" күнтізбелік күн ішінде "90" күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кіру визасыз жүзеге асырылады)
  • ҚР азаматтары үшін болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап "90" күнтізбелік күнді, яғни "180" күнтізбелік күн ішінде жалпы "90" күнтізбелік күнді құрайды
  • Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..

Кедендік бақылау:

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Шектеулер жоқ

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • ГФР-да болған кезде Сізге оның заңдары қолданылады сіз оны қатаң сақтауға міндеттісіз, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз
  • Неміс тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу Сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді сонымен қатар жергілікті тұрғындар оны құптайды
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз саяси жағдай климаттық жағдайлар заңдар мен ұлттық дәстүрлер қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері

Пайдалы ақпарат:

  • Мобильді карталарды алдын ала орнату Google maps
  • Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері Apple pay қолма-қол ақша
  • Банк карталарының ерекшеліктеріVisa Mastercard
  • SIM картасын сатып алу немесе роумингті қосу қажеттілігі

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Дата публикации
31 марта 2025
Дата обновления
03 июня 2025
Тип

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары