Азаматтығын жоғалту – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың түрі.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша құжаттар Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне кіретін Баден-Вюртемберг, Гессен, Рейнланд-Пфальц және Саар федералдық жерлерінде тұрақты тұратын азаматтардан ғана қабылданады. Аталған консулдық округтен тыс аумақта тұратын тұлғалардан құжаттар қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері:
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.