Меню

Страницы

Статья

Консулдық есеп

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері:

  • тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін;
  • уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).

Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады

  • Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:

  • жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: егер сіз Германияға келгеннен бері үш жылдан астам уақыт бойы консулдық есепке қойылмаған болсаңыз, онда сіз неміс билігінен (Negativbescheinigung) ҚР азаматы ретінде танылғаныңыз және неміс азаматтығын алуға өтініш бермегеніңіз туралы анықтама беруіңіз керек.

Уақытша консулдық есепке тұру үшін келесі құжаттарды konsul.fra@mfa.kz электрондық поштаға жолдау қажет:

  • Өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  • Тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады

  • Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.
  • қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы – 1 жұмыс күн.
  • Тегін 

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Мекен-жайы: Beethovenstrasse 17, 60325 Frankfurt am Main

Телефон арқылы хабарласыңыз: +49 69 9714670 және / немесе электрондық пошта: konsul.fra@mfa.kz.

Дата публикации
13 декабря 2023
Дата обновления
03 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

31 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
30 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
30 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

youtube
Twitter
Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары