GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Елшілік туралы
Все материалы
24 июля 2026
Астана қаласы «Samruk-Kazyna» қолдауымен өтетін «Games of the Future 2026» (GOTF 2026) халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда!

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды тоғыстыратын әлемдік фиджитал-спорттың орталығына айналады.

🌏 Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам спортшы қатысып, сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды: Phygital Basketball, Battle Royale PUBG, Dota 2, CS2, Phygital Football, Mobile Legends, Phygital Dancing және Phygital Fighting.

🎮 Фиджитал-дисциплиналарда қатысушылар алдымен цифрлық ортада сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңдарында – футбол алаңында, баскетбол паркетінде, жекпе-жек аймағында немесе би сахнасында жалғастырады. Қорытынды нәтиже екі форматтағы көрсеткіштердің жиынтығы бойынша анықталады.

🎥 Ашылу салтанаты 29 шілде күні Астана уақытымен сағат 17:00-де өтеді. Тікелей көрсетілімді «Жібек жолы», Qazsport, «Хабар» телеарналарынан, GOTF Astana 2026 Powered by Samruk-Kazyna ресми YouTube-арнасынан және Phygital+ платформасынан көруге болады.

🇦🇲 Армениядағы көрермендер турнир барысын Ucom желісінде қолжетімді қазақстандық «Жібек жолы» телеарнасы арқылы тамашалай алады.

⚡️ «Games of the Future 2026»
(GOTF 2026) спортты, технологияларды және инновацияларды біріктіріп, халықаралық жарыстардың жаңа форматын ұсынады.

02 июля 2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  

1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

     Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

02 июля 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті отандастар!

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!

22 мая 2026
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

✔️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.

➤ Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.

➤ Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.

➤ Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.

▪️Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-altyn-orda-murasyna-arnalgan-takyryptyk-kormemen-tanysty-194629 

22 мая 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі

https://www.akorda.kz/ru/vystuplenie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-na-mezhdunarodnom-simpoziume-zolotaya-orda-kak-model-stepnoy-civilizacii-istoriya-arheologiya-kultura-identichnost-1945730 

19 мая 2026
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) 2026 жылғы сәуір-мамырда жүргізген сауалнамасының деректері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне сенім деңгейі тұрақты жоғары көрсеткішті сақтай отырып, 86,7% -ды құрады.

Ең жоғары деңгей жастар арасында (91,4%), сонымен бірге қала тұрғындары (86,9%) және ауыл халқы (86,7%) арасында салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қалып отыр.

Талдау сенiмнiң тұрақты сипатқа ие екенiн және кiрiс деңгейiнiң артуына қарай өсiп, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды бағалаумен үйлесетiнiн көрсетедi.

Осылайша, зерттеу нәтижелері елді дамыту және жаңғырту бағытын кеңінен қоғамдық қолдауды көрсетеді.

📌 Сауалнаманы ҚСЗИ 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізді. Іріктеме - Астана, Алматы және Шымкентті қоса алғанда, Қазақстанның барлық өңірлерінен 8000 респондент.

https://kisi.kz/kogamdyk-toptasu-aleumettik-saualnama-prezident-sayasatyna-aukymdy-koldaudy-ajkyndady/ 

14 мая 2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

▪️ Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
 
➤ Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.
 
➤ Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.
 
➤ 2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.
 
➤ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.
 
➤ Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.

https://aqorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-orta-bilim-beru-zhuyesine-zhasandy-intellektini-endiru-zhonindegi-sharalar-turaly-124335 

13 мая 2026
«Қазақстан-Армения: сарапшылар арасындағы диалог» дөңгелек үстелі

Армения астанасында екі елдің талдау орталықтары, дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қазақ-армян сарапшылар кездесуі өтті. Қазақстан мен Арменияның сараптамалық өзара іс-қимылы аясындағы кезекті іс-шараны Қазақстан Елшілігі Армян саясаттанушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақ тарапынан талқылауға ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының, «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығының, «Астана» дипломатиялық клубының және басқа да талдамалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Армян тарапын Армян саясаттанушылар қауымдастығы, Армян орнықтылық және мемлекеттік басқару институты, Арменияның Қолданбалы саяси зерттеулер институты, «СПАРАПЕТ» Армян азаматтық бастамалар орталығы, сондай-ақ академиялық және қоғамдық-саяси орта өкілдері таныстырды.

Пікір алмасу барысында қазақ-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелері, сондай-ақ көлік-транзит өзара байланыстылығы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Пікірталастың жеке блогы Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаға арналды. Қазақ сарапшылары 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияның негізгі ережелері мен новеллаларын ұсынды, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту тәсілдерін баяндады. Жаңартылған Ата заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының қазіргі кезеңін көрсететіні және мемлекеттің институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталғаны атап көрсетілді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Армения арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға деген өзара құрмет пен ұмтылысқа негізделген дәстүрлі достық және серіктестік негіздері атап өтілді. Жоғарғы деңгейдегі саяси диалогтың серпініне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өзара тауар айналымының тұрақты өсуін белгілеп, екі елдің сауда байланыстарын одан әрі әртараптандыру, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша сараптамалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қазақстан мен Арменияның талдау орталықтары, ғылыми қоғамдастығы мен азаматтық қоғам институттары арасындағы тұрақты коммуникацияны дамытуға мүдделілік расталды. Мұндай алаңдар практикалық бастамаларды әзірлеуге және екіжақты серіктестікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

09 мая 2026
Қазақстан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастыруда

Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлерін және соғыс салдарынан мүгедектік алған адамдарды қоса алғанда, шамамен 32,9 мың азаматқа біржолғы төлемдер жасау үшін 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта елімізде 57 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына тұрғылықты өңіріне қарамастан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, Қазақстанда тарихи жадты сақтау, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі мен жанқиярлығына құрмет көрсету мәселесіне ерекше мән беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, ардагерлерге құрметпен қарау және Жеңістің тарихи мұрасын сақтау мемлекеттік саясат пен қоғамдық сананың маңызды бөлігі болып қала береді.

28 апреля 2026
Астанада Орталық Азиядағы алғашқы TUMO Astana креативті технологиялар орталығы ашылды

✔️ Мемлекет басшысы Alem.ai орталығына барып, жасанды интеллект, цифрлық экономика және елдің заманауи білім беру экожүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамалармен танысты.

▪️ Alem.ai орталығы ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары мен стартап-бастамалар үшін платформа болып табылады, сондай-ақ ЖИ саласындағы қолданбалы шешімдерді енгізумен айналысады. Іске асырылып жатқан жобалар жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқаруға, бизнеске және күнделікті өмірге енгізуге бағытталған, бұл Қазақстанның технологиялық дамыған әрі бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру стратегиялық бағытына сәйкес келеді.

➤ Сапар барысында білім беру бастамаларына ерекше назар аударылды, оның ішінде әртүрлі жас санаттарына арналған заманауи оқу платформаларын дамыту маңызды орын алады.

▪️ Осындай жобалардың бірі - TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Арменияда құрылған және халықаралық деңгейде сәтті дамып келе жатқан TUMO жобасы 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге бағытталған және заманауи цифрлық әрі креативті дағдыларды тегін меңгеруге бірегей мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы 11 бағытты қамтиды, соның ішінде:
➤ генеративті жасанды интеллект;
➤ бағдарламалау;
➤ ойын әзірлеу;
➤ анимация және 3D модельдеу;
➤ робототехника;
➤ кино және цифрлық музыка.

TUMO-ның халықаралық деңгейде тиімділігін дәлелдеген моделі өзіндік оқытуды практикалық зертханалармен ұштастыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде жастарда болашаққа қажетті қолданбалы дағдылар қалыптасады.

▪️ Тағы бір маңызды бағыт - ересектерге арналған білім беру жүйесі. Президент тапсырмасы бойынша Astana Hub базасында Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылып, ол бүкіл ел бойынша кеңейтілуде. Телемост форматында Қазақстанның 14 өңірінде мектеп желісін іске қосу басталды, мұнда оқу тегін әрі 18 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді болады.

▪️ Сапар барысында сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды, оның ішінде бірыңғай AI-платформа негізінде қалалық ортаны басқарудың кешенді жүйесі - «Astana Smart City» жобасының іске қосылуы, сондай-ақ Alem.ai базасында ЖИ саласындағы зерттеу университетін құру тұжырымдамасы ұсынылды.

✨ Осылайша, Қазақстанда TUMO креативті технологиялар орталығын дамыту жаңа буын кадрларын даярлау экожүйесінің маңызды бөлігіне айналуда, креативті білім беруді, технологияларды және практикалық дағдыларды біріктіреді. Жоба жастардың заманауи білімге қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, елдің жаһандық цифрлық күн тәртібіндегі позициясын нығайтады.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-alemai-halykaralyk-zhasandy-intellekt-ortalygyna-bardy-2434652 

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары