
Ереван, 2023 жылғы 7 қыркүйек – Армения астанасында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған брифинг өтті. Дипломатиялық корпус, саяси, іскерлік, сараптамалық топтар мен БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған іс-шараға Армениядағы БҰҰДБ өкілдігі басшысының орынбасары, «Балама», «Саяси және экономикалық стратегиялық зерттеулер орталығы», «Интеграция және даму», «Жаһандану және ынтымақтастық жөніндегі талдау орталығы» мен институттарының басшылығы мен сарапшылары және басқалар қатысты.
Брифинг барысында Елші Болат Иманбаев қатысушыларға Жолдаудың негізгі мазмұнын, сондай-ақ ел Үкіметінің алдына қойылған міндеттерді жеткізді. Кездесуге қатысушылар өз тарапынан Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бағытты іске асырудағы ауқымдылығы мен жүйелі тәсілін атап өтті. Жолдауға түсініктеме бере отырып, «Интеграция және даму» зерттеу-талдау ұйымының төрағасы Арам Сафарян «Жолдауда қойылған міндеттердің қысқа мерзімділігіне баса назар аудару биліктің ел экономикасының жай-күйі туралы терең түсінігін көрсетеді, бұл жоспарланған іс-шараларды іске асырылуына оң әсер ететіні сөзсіз. 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі өршіл мақсат бүкіл еуразиялық кеңістікті дамыту үшін елеулі сигнал болып табылады» – деді.
«Қазақстан ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығын және экономиканың одан әрі өсуін көрсетіп отыр. Қазақстан Президентінің экономиканы үдемелі дамыту жөніндегі бастамасы, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға баса назар аудару «Әділ Қазақстанды» құрудағы дәйекті қадам болып табылады деп Кавказ институтының директоры Александр Искандарян атап өтті. Бұрынғы депутат, «Кентрон ТВ» қоғамдық телеарнасының белгілі саяси шолушысы Арман Абовян Мемлекет басшысының Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізу туралы шешіміне қатысушылардың назарын аударды: «Қазақстан Президентінің Жолдауында ел болашағына қатысты маңызды стратегиялық мәселелер бойынша шешімдерді халық референдум арқылы қабылдауы тиіс делінген нақты месседж байқалады, бұл Армения үшін де өзекті болып табылады».
Іс-шара соңында қатысушылар «Қазақстан Президентінің бастамалары ел экономикасы мен қоғамның әл-ауқатын одан әрі дамытудың қозғаушы күші болып табылады және қазіргі жаһандық үрдістерге сәйкес келеді» деген пікірге бірауыздан келді.