Ереванда туризм саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту талқыланды

Ереванда туризм саласындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту талқыланды

Ереван, 2023 жылғы 23 маусым - Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Арменияның туризм федерациясы арасында онлайн-форматта туризмді дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті. Оның барысында туристік саладағы қазақ-армян өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыланды. Іс-шараға ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастықты орнатуға мүдделі және өз қызметінің тұсаукесерлерін ұсынған 30-дан астам қазақстандық және армян компаниялары мен туроператорлары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Арменияның тиісті ұйымдары мен компаниялары арасында туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және жол картасын әзірлеу туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Арменияның туризм федерациясының президенті Мехак Апресянның айтуынша «Армения мен Қазақстан арасындағы туризмның дамуы тек бизнес қана емес, сонымен қатар елдеріміз бен халықтарымызды мәдени және рухани біріктіріп, байытады». Ол Armenian Airways әуекомпаниясының биыл шілдеде Ереван-Астана-Ереван бағыты бойынша тұрақты авиарейс ашуы жоспарланып отырғанын хабарлап, екіжақты экономикалық өзара іс-қимылды, оның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қосымша серпін беретінін атап өтті. Armenia Travel компаниясының бас директоры Маринэ Кпрян екі елдегі туризм саласындағы жаңа табысты жобалар туралы ақпарат пен озық тәжірибе алмасудың, сондай-ақ шытырман оқиғалы, өнеркәсіптік, ауылдық, гастрономиялық туризм мен экотуризмді дамыту маңыздылығын атады. Edentour Armenia компаниясының басшысы Сусанна Агабабян Армения мен Қазақстан ежелгі Жібек жолында екенін және Шығыс пен Батысты байланыстыратын ірі туристік хабқа айналуға тиістілігін айтты.

Дөңгелек үстел барысында тараптар пікір алмасып, Қазақстан мен Арменияда fam-trip сапарларын, сондай-ақ қазақстандық және армян туристік компаниялары мен операторлары үшін B2B және B2G кездесулерін ұйымдастыру туралы келісті. Кездесу аясында қатысушылар Қазақстанның туристік көрікті жерлері мен мәдени және табиғи ескерткіштері туралы фотокөрмемен танысты.