Армения Президенті Қазақстанға көңіл айтты

Армения Президенті Қазақстанға көңіл айтты

Ереван, 2023 жылғы 12 маусым - Армения Президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанның Еревандағы Елшілігіне барып, Абай облысындағы орман өртінің салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендерге байланысты көңіл айту кітабына жазба жасады. Оның айтуынша, «армян халқы Қазақстанның Абай облысындағы ауқымды өрттердің салдарынан болған құрбандар туралы хабарға қатты қайғырады». Армения басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Кездесу барысында қазақ-армян екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Армения Президенті елді жаңғыртуға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасы туралы хабардар болды. В.Хачатурян Қазақстан басшылығның саясатын жоғары бағалап, елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандағы Жалпыұлттық аза тұту күні аясында Арменияның ресми, саяси, экономикалық және қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Ереванда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Армения Ұлттық жиналысының депутаттары мен Қытай, Ресей, Беларусь, Түркіменстан, АҚШ, ГФР, ЕО Жапония, Иран, БАӘ елшілері және т.б. Қазақстан Елшілігіне келіп көңіл айтты.