Ереван Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Ереван Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Ереван, 2023 жылғы 17 сәуір - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездесіп, оның барысында көлік, энергетика, жер қойнауын пайдалану және өңіраралық саласындағы қазақстан-армян арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Армян тарапы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ ү.ж наурыз айында өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырылды. Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалап, Ереван мен Астана арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін білдірді.

Армян тарапы екіжақты көліктік және өңіраралық байланыстардың белсенді дамуын атап, бұған 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының екі еседен астам өсуі дәлел екенін айтты. Г.Саносян сауда және энергетика секторларында елеулі әлеуеттің бар екендігін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүмкіндіктерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесу барысында 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі мен биыл 27-28 сәуірде Ереванда болатын Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының кезекті 9-шы отырысын өткізу мәселелері қарастырылды.