
Ереван, 27 наурыз 2023 жыл - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың Армения Вице-премьері Мгер Григорянмен кездесуі өтті. Оның барысында түрлі салалардағы қазақ-армян екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Армян тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасымен, сондай-ақ ү.ж. 19 наурызда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді. Өз кезегінде М.Григорян сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Қазақстан Республикасы басшылығының саясатын жоғары бағалап, Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістердің өзектілігі мен маңыздылығын айтты.
Астана мен Ереван арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды тереңдету перспективалары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Ү.ж. Ереванда өтетін қазақ-армян бизнес-форумна және Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.