Қазақстандағы реформалар Арменияның Ішкі істер министрлігінде қолдау тапты

Қазақстандағы реформалар Арменияның Ішкі істер министрлігінде қолдау тапты

Ереван, 2 наурыз 2023 жыл – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев пен Арменияның Ішкі істер министрі Вага Казарянның кездесуі өтті. Әңгіме барысында құқық қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Армян тарапына саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылының үдемелі дамуы, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды реформалар бағдарламасы туралы айтылды.Алдағы Қазақстандағы парламенттік сайлауды дайындау және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ваге Казарян Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалай отырып, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, парламенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Арменияның ішкі істер министрліктері арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтіп, екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен құрылымдар шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша ниетін растады.