
Ереван, 25 қаңтар 2023 жыл - Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Инкар-1» ЖШС қазақстандық машина жасау компаниясы мен Армения Республикасының отандық тауар өндірушілер одағы арасында кәсіби білім беру және әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып дуальды оқытуды енгізу мәселелері бойынша екінші онлайн-кездесу өтті. Келіссөздерге Армения Республикасының бұрынғы Өнеркәсіп министрі Ашот Сафарян қатысты.
Тараптар ынтымақтастыққа мүдделі кәсіпорындармен және бизнес-серіктестермен байланыс орнатуға және жоғарыда аталған бағыттар бойынша одан әрі нақты әрекеттерді талқылау мақсатында олардың қатысуымен қосымша онлайн-кездесулер өткізу уағдаластығына қол жеткізді.
Келіссөздер «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысы Хаттамасының 8-тармағына сәйкес өтті.