Кәсіптік білім беру мәселелері бойынша онлайн келіссөздер өтті

Кәсіптік білім беру мәселелері бойынша онлайн келіссөздер өтті

Ереван, 17 қаңтар 2023 жыл - Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Инкар-1» ЖШС қазақстандық машина жасау компаниясы мен Арменияның отандық тауар өндірушілер одағы арасында кәсіби білім беру саласындағы әріптестік және озық әлемдік тәжірибені пайдалана отырып дуальды оқытуды енгізу мәселелері бойынша онлайн-келіссөздер ұйымдастырылды.

Тараптар өзара ықпалдастықты жандандыру жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылау мақсатында осы бағыттар бойынша ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және тиісті мамандар мен кәсіпорындардың қатысуымен қосымша онлайн-кездесулер өткізуге мүдделілік білдірді.

Келіссөздер «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының 8-ші отырысы Хаттамасының 8-тармағына сәйкес өтті.