Қазақстан, Армения және шет азаматтарына ақпарат

Қазақстан, Армения  және шет азаматтарына ақпарат

Құрметті Армения, Қазақстан және шет азаматтары!

Коронавирустың ғаламдық індетіне байланысты Қазақстанның Армениядағы Елшілігі шетелдік азаматтардың елімізге кіру бойынша қабылдаған шектеулер туралы ескертеді.

Шектеулер шет азаматтарына виза беру рәсіміне, сондай-ақ соңғы 30 күнде коронавирустық қауіпті деп танылған елдердің біріне барған болу елінің азаматтарына да қатысты: бұлар - Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, АҚШ, Италия, Франция, Германия және Испания.

Осы санаттағы азаматтардан біздің елге келген кезде төлқұжаттық бақылау кезінде мүмкін болатын түсінбеушілікке алдын ала жол бермеу үшін Қазақстанға барудан бас тартуды сұраймыз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі тағыда қайтала Арменияда орналасқан еліміздің азаматтарына Елшілікпен (консулдық бөліммен) байланыста болуды және келесі ақпаратты жолдауды өтінеді: Аты-жөні, тегі, туған жылы, ұялы телефон, Арменияда болу мақсаты, нақты тұрғылықты жері (қала, аудан, мекен-жайы). Аталған мәліметтер  үшінші тараппен бөлісілмейді және төтенше жағдай болғанда ғана қолданады деп хабарлаймыз. Өз деректеріңізді келесі электрондық поштаға жібере аласыз: a.esimova@mfa.kz немесе erevan@mfa.kz

Тағыда естеріңізге сала кетейік, Елшілікте +37498935930 нөмірі бойынша консулдық қызметінің телефоны тәулік бойы жұмыс істеп тұр.