Қазақстан Елшісі Арменияның экономика министрімен Үкіметаралық комиссиясының белсендіру мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Т. Уразаев Экономика министрі Т.Хачатрянмен сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Сұхбаттасушылар екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастық бағыттарының қазіргі тәсілдерін қарастыра отыра, өзара іс-қимыл үшін үлкен әлеуеттер бар салаларын, атап айтқанда зергерлік бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және инновациялық технологияларды атп өтті.

Тараптар қазақстандық тауарларды Армения аумағы арқылы тасымалдау тарифтерін төмендету мүмкіндігіне, сондай-ақ осы бағытта үстіміздегі жылдың мамыр айында елордамызда өткізілуіне жоспарланған Үкіметаралық бірлескен комиссияның келесі отырысына қазақстандық бағдарда жұмыс істеп келе жатқан болу елінің іскер топтары өкілдерінің қатысуы бойынша мәселелерді талқылады.

Кездесудің нәтижесі ретінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың тиімді алаңы ретінде аталған Үкіметаралық қомиссияны жандандыруға күш біріктіру туралы уәделеске қол жеткізілді.