«Сергек» қазақстандық компаниясы Ереванның мэриясымен бірлескен пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылауда

«Сергек» қазақстандық компаниясы Ереванның мэриясымен бірлескен пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылауда

Ереван, 2022 ж. 28 қазан - Қазақстанның Елшілігінің қолдауымен өзара ынтымақтастыққа мүдделі зияткерлік шешімдер саласындағы «Sergek Projects Ltd» қазақстандық компаниясының Ереван қаласының мэриясы және жол полициясының өкілдерімен кезекті онлайн-кездесуі өтті.

Тараптар Армения астанасында пилоттық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін, атап айтқанда, қазақстандық компания ұсынатын (жасанды интеллектке негізделген және көптеген деректерді талдауға және ұсынуға, соның ішінде экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған) қалалық жоспарлау моделінің Еревандағы көлік жүйесін бақылау жөніндегі жұмыс істеп тұрған кешендермен үйлесімділігі мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тиімді өзара іс-қимыл және жедел ақпарат алмасу мақсатында жұмыс тобы мен байланыс арналарын құру, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру бойынша қосымша кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.