Қазақстандық компаниялар Ереван мэриясымен бірлескен пилоттық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Қазақстандық компаниялар Ереван мэриясымен бірлескен пилоттық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Ереван, 13 қазан 2022 жыл -  ҚР Елшілігінің қолдауымен өзара ынтымақтастыққа мүдделі қазақстандық компаниялармен Ереван мэриясының өкілдерімен екі онлайн-кездесуі өтті. Алғашқы келіссөздер зияткерлік шешімдер саласында «Sergek ProjectsLtd» қазақстандық компаниясымен жүргізілді. Тараптар көптеген деректерді талдауға және ұсынуға, соның ішінде экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған Армения астанасына ұсынылған жасанды интеллектке негізделген қала құрылысы моделін талқылады (көлік жүйесін бақылау жөніндегі ағымдағы кешендер базасында).

Екінші онлайн-кездесу қазақстандық автобус, карьер, құрылыс және жол техникасын өндіруші «QazTehna» компаниясымен өтті. Онлайн-кездесу барысында армян тарапына өндіріс пен компанияның модельдік қатары таныстырылды. Екі кездесудің қорытындысынан кейін аталған бағыттар бойынша Ереван қаласында пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру, мүдделі армян компанияларымен және кәсіпкерлерімен байланыс орнату, жұмысты жалғастыру және жақын арада қосымша келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.