Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің жанында №275 учаскелік сайлау комиссиясы ашық болады.

Осыған орай, дауыс беруге құқығы бар Қазақстанның барлық азаматтарынан өз деректерін (байланыс телефон нөмірлерін, паспорттың көшірмесін, тұрғылықты мекен-жайы) Елшіліктің консулы Райымбек Әлімханға (ұ.т./WhatsApp: +374-98-935-930, эл. пошта: ralimkhan@mfakz, qazaqconsul@gmailcom) ұсынуды сұраймыз.