Армян сарапшылары Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдады

Армян сарапшылары Қазақстан Президентінің бастамаларын қолдады

2022 жылғы 13 қыркүйек –  Ереванда Арменияның Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауына, сондай-ақ Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Арменияның сарапшылар қауымдастығының, іскер топтардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен, сонымен қатар ҚР әлеуметтік-экономикалық модернизациясының өзекті бағдарламалары мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.

Армян сарапшылар қауымдастығының өкілдері ҚР басшылығының саясатын жоғары бағалап, бұл Жолдау Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа кезеңінің басталуы екенін атап өтті. Олардың пікірінше, ұсынылған бастамалар Қазақстан Президентінің наурыз Жолдауы шеңберінде, сондай-ақ ү.ж. маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның қорытындылары бойынша іске асырылатын реформалардың дәйекті жалғасы болып табылады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықтың табысты қазақстандық моделін ерекшелігіне тоқталып, оның жарқын дәлелі Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің өткізілуі болып табылатынын атап өтті.