Ереванда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының мәселелері талқыланды

Ереванда Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының мәселелері талқыланды

Ереван, 2022 ж. 23 мамыр – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Экономика министрінің орынбасары Армен Арзуманянмен кездесті. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.

Өз кезегінде армян тарапы Қазақстанға үдемелі даму мен саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың табысты жүргізілуін тілеп, өзге бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге дайын екендігін білдірді. Осы тұрғыда АР Экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Армения комиссиясының жұмыс органы ретінде 2021 жылғы 26 мамырдағы бірлескен ҮАК-тің 8-ші отырысының хаттамасын орындаудың оң динамикасын атап өтті. Тараптар өзара ықпалдастықтың белгіленген қарқынын сақтап және одан әрі тереңдету қажеттігі, сондай-ақ 2022 жылғы маусымда Ереванда өтетін 9-шы ҮАК отырысы жайлы ой бөлісті.