
Ереван, 2022 ж. 20 мамыр – Армения астанасында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі конституциялық реформа мен жалпыұлттық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Арменияның сарапшылар қауымдастығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев қатысушыларды еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалар пакетімен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жаңа Қазақстан» идеясы шеңберіндегі ауқымды қайта құру бағдарламасымен таныстырып, ү.ж. 5 маусымда негізгі заңға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.
Өз кезегінде армян сарапшылары Парламенттің рөлін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған елде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың өзектілігі мен деркезділігін атап өтті. Сарапшылар конституциялық өзгерістер елді заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібі іс-шара қонақтарының қызығушылығын тудырды. Жетекші армян сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформалар процесін құптап, Қазақстан басшылығына толық қолдау білдірді.