
Ереван, 2022 ж. 19 сәуір - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Премьер-министрі аппаратының басшысы Араик Арутюнян мен Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянмен кездесулер өтікізіп, қазақстандық-армян ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы хабардар етіп, елдің ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясына бағытталған жолдарды іске асырудағы елеулі тәсілдерге ерекше назар аударды.
Армян тарапы Мемлекет басшысының бастамаларын жоғары бағалап, ұсынылған реформалар елдің Жаңа Қазақстанды құру жолында прогреске қол жеткізуіне ықпал бола алатынын айтты. А. Арутюнян мен Н. Мкртчян қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ү.ж қыркүйекте ҚР-да өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Тараптар 2021 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан-Армения экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы 8-ші отырысының хаттамасын іске асыру мәселелерін, сондай-ақ 2022 жылғы халықаралық іс-шаралар мен екі жақты кездесулердің кестесін талқылады.