
Ереван, 2022 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың Арменияның Ұлттық Жиналыс депутаттарымен, «АР-ҚР» Парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесуі өтті. Әңгіме барысында қазақстан-армян парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы хабардар етті. Елдің ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясына бағытталған жолдарды іске асырудағы елеулі тәсілдерге ерекше назар аударылды. Армян парламентшілері Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру бойынша бастамаларын жоғары бағалап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұсынылған реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. АР Ұлттық Жиналысының депутаттары ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚР-да өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің маңыздылығын атап өтті.
Парламентаралық байланыстар мәселелерін талқылау кезінде тараптар екі мемлекеттің заң шығарушы органдарының екіжақты ынтымақтастығын нығайтудың, сондай-ақ Парламенттік достық топтарының қызметін жандандырудың маңыздылығын атап өтті. ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. интеграциялық құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимыл атап өтілді. Тараптар 2022 жылғы парламентаралық бағыттағы халықаралық іс-шаралар мен екіжақты кездесулердің кестесін талқылады.
Қазақстандық-армяндық парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Армения-Қазақстан» Парламенттік достық тобының жетекшісі, АР Ұлттық Жиналысының депутаты В.Акобянға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі табысталды.