Ереванда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Ереванда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Ереван, 2022 жылғы 7 сәуір - Армения астанасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға саясаткерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық корпустың, БАҚ және Армения Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев қатысушыларға Жолдауда айтылған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасы мен басым әлеуметтік-экономикалық шаралар туралы хабардар етті.

Жолдаудың мазмұнын талқылай отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыз экономикалық жағдайда ұсынылған реформалардың өзектілігін атап өтті. Сарапшылар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған саяси жүйенің трансформациясы мен әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Олардың пікірінше Қазақстан әлеуметтік стандарттар мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған саяси жаңғыру мен экономикалық реформалар жолымен сенімді жүріп келе жатыр. Армяндық сарапшылар Мемлекет басшысының жаңа саяси бастамаларына үлкен қызығушылық танытып, ел басшылығына қолдауларын білдірді.