Армян парламентарийі Қазақстандағы реформаларды қолдады

Армян парламентарийі Қазақстандағы реформаларды қолдады

Ереван, 2022 жылғы 4 сәуір – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Ұлттық Жиналысының депутаты, Өңірлік және еуразиялық интеграция сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Армен Геворгянмен кездесу өткізді. Әңгіме барысында қазақстан-армян парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі қағидалары туралы хабардар етті. Елдің ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясына бағытталған жолдарды іске асырудағы елеулі тәсілдерге ерекше назар аударылды. А.Геворгян Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру бойынша бастамаларын жоғары бағалап, қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұсынылған реформалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Парламентаралық байланыстар сұрақтарын талқылау барысында тараптар ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде екі мемлекеттің заңнамалық органдарының сындарлы өзара іс-қимылын атап өтті. Түрлі салалардағы қазақстан-армян қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал ететін екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың, сондай-ақ «Қазақстан-Армения» парламенттік достық топтарының жұмысын жандандырудың маңыздылығы айтылды. Тараптар 2022 жылғы парламентаралық бағыттағы халықаралық іс-шаралар мен екіжақты кездесулердің кестесін талқылады.