Қазақстан Елшісінің Ереван мемлекеттік университетіндегі кездесуі

Қазақстан Елшісінің  Ереван мемлекеттік университетіндегі кездесуі

Ереван, 2022 жылғы 18 наурыз – Ереван мемлекеттік университетінде Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың ЕМУ ректоры Оганнес Оганнисянмен, оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамымен және студенттерімен, сондай-ақ Арменияның академиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуі өтті. Әңгіме барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қазақстан Республикасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Кездесуде қатысушылар елді одан әрі жаңғырту тұрғысында Мемлекет басшысының Жолдауының өзектілігі мен мазмұндылығын атап өтті.           

Мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері бойынша пікір алмастырылды. ЕМУ ректоры О.Оганнисян 2022 жылы Армения мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толатынына назар аударып, ғылыми-білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындары мен Ереван мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ 2022 жылы бірлескен іс-шараларды өткізу сұрақтарын талқылады.