Қазақстан Елшісінің Барлық армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикосымен кездесуі

Қазақстан Елшісінің Барлық армяндардың  Жоғарғы Патриархы және Католикосымен кездесуі

Ереван, 2022 жылғы 1 наурыз - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Барлық армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикосы II Гарегинмен кездесу өткізді.

Елші халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық модернизация бойынша Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Жоғарғы Патриархқа 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне, шақыру бойынша Мемлекет басшысының Жолдауы берілді.

Барлық армяндардың Каталикосы II Гарегин Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ерекше рөлін атап өтті.