
28 ақпан 2022 ж.– Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың қатысуымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АР Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянмен онлайн кездесуі өтті.
Әңгіме барысында жоғары технологиялар, ғарыш, ғылым және білім саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Тараптар қолда бар үлкен әлеует пен өсу перспективасын атап өтіп, осы бағыттардағы өзара ықпалдастықты жандандыруға қызығушылық танытты. Министрлер 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының Хаттамасы шеңберінде ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлеу, келіссөздер жүргізу, жоғары технологиялар саласында тәжірибе алмасу және халықаралық іс-шараларға қатысу мақсатында екі ел өкілдерінің Қазақстанға және Арменияға сапары туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.