
Ереван, 2022 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен кездесу өткізіп, оның барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық сұрақтары талқыланды.
Елші халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық модернизация бойынша Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге, сондай-ақ қазақстандық халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде А.Григорян Қазақстан басшылығының саясатына қолдау білдіріп, өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға дайын екеніндігін білдірді. Әңгіме барысында тараптар 2022 жылы Арменияның ҰҚШҰ төрағалығы аясында халықаралық іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.