
Ереван, 2022 жылғы 22 ақпан – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Вице-премьері Мгер Григорянмен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, сондай-ақ Еуразиялық интеграция шеңберіндегі Қазақстан-армян ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқылады.
Елші халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қайта құруды одан әрі жүзеге асыру бойынша Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және демократиялық реформаларының бағытын түсіндіруге, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға және қазақстандық халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде армян тарапы Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар ү.ж 24-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына Армения делегациясының қатысу мәселелерін талқылады.