
Ереван, 2022 жылғы 22 ақпан - ҚазақстанЕлшісіБолат Иманбаев Армения Ұлттық Жиналысының депутаты, Сыртқы байланыстар жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Эдуард Агаджанянмен кездесіп, қазақстан-армян парламент аралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Елші Қазақстан Үкіметінің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және демократиялық реформалар бағыты туралы ақпарат беріліп, шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстандық халықаралық міндеттемелердің мызғымастығына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде армян тарапы Қазақстан басшылығының саясатына қолдау көрсетіп, елдеріміз арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Парламентаралық қатынастар мәселелерін талқылау кезінде тараптар ТМД, ҰҚШҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі мемлекеттің заң шығарушы органдарының сындарлы өзараіс-қимылын атап өтті. Осы тұрғыда тараптар түрлі салалардағы қазақ-армян қарым-қатынастарын тереңдетуге ықпал ететін парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ «Қазақстан-Армения» парламенттік достық топтарының белсенді жұмысын атап өтті.