
Ереван, 2022 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесянмен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау және COVID-19 пандемиясымен күрес саласындағы Қазақстан-Армения ынтымақтастығының мәселелерін талқылады. Тараптар коронавирус инфекциясымен күресте бірлескен күш-жігерді арттыру маңыздылығын атап, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның жаңа Үкіметінің алдына қойған елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі міндеттері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Өз кезегінде, армян тарапы 2022 жылы тәжірибе алмасу және өзара кездесулер арқылы денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.