Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті

Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті

Ереван, 16 желтоқсан - Армения тарапының бастамасымен Елші Болат Иманбаевтың Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесуі өтті. Сұхбат барысында екі жақты және көп жақты деңгейде, сондай-ақ қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдаймен өзара ықпалдастықты кенейту мәселелері талқыланды.

Армения Президенті екі елдің өзара ықпалдастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақ халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мемлекеттік мерекесімен құттықтады. А.Саркисян сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына ыстық ықыласқа толы ізгі тілектерін жеткізді.

Армения Президенті Қазақстанның тәуелсіз 30 жылындағы жетістіктерін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатын жоғары бағалады. Ол Қазақстанда тұратын армян қауымының еліміздің экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі және екі жақты қарым-қатынастарды нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды.

Елші тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның дамуындағы негізгі кезеңдер, сондай-ақ Президентіміз Қ.Тоқаев бастамашы болған ҚР саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының өзекті бағдарламалары мен қазақстандық халықаралық бастамалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.