
Ереван, 2021 жылғы 8 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Елшілігі Ереван мемлекеттік университетімен бірлесіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қыпшақ тілді армян графикасында жазылған қолжазбалар тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Ресей, Иран, Израиль, Польша, Франция, Қырғызстаннанның шығыстанушы ғалымдары, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның ғылыми-білім беру орталықтарының, ұлттық университеттері мен академиялық институттарының өкілдері қатысты.
Конференция қатысушыларын қарсы ала отырып, Елші Болат Иманбаев Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі жетістіктері туралы, сондай-ақ ғылым мен мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясат туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол қатысушыларды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен, сонымен қатар ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық модернизациясының өзекті бағдарламалары мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.
Конференция барысында қолжазбаларды тарихи-филологиялық зерттеу саласындағы жетекші мамандар қазақтар, армяндар және Солтүстік Еуразияның басқа халықтары арасындағы көпғасырлық мәдени байланыстарды талқылады. Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Арменияның ғылыми-білім беру орталықтары мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.