Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрi Гнел Саносянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев  Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрi  Гнел Саносянмен кездесті

Ереван, 2021 жылғы 26 қазан - Елші Болат Иманбаевтың Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрі Гнел Саносянмен кездесуінде тараптар қазақстан-армян өңіраралық, инфрақұрылымдық, көліктік және сауда ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Министр Арменияның осы бағыттар бойынша Қазақстанмен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін білдіріп, қолда бар үлкен әлеует пен өсу перспективасын атап өтті.

Кездесуде 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының хаттамасын орындау мәселелері талқыланып, екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берілгені атап өтілді. Елші Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етіп, инфрақұрылымдық және өңірлік реформаларға, сондай-ақ ҚР әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының өзекті бағдарламалары мен қазақстандық халықаралық бастамаларға егжей-тегжейлі тоқталды.