Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Ваграм Думанянмен кездесті

Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Ваграм Думанянмен кездесті

Ереван, 2021 ж. 14 қазан - Елші Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Ваграм Думанянменкездесу өткізіп, мәдени-гуманитарлық саладағы 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы хаттамасының іске асыру мәселелерін талқыланды.

Армения тарапы екі елдің тиісті министрліктері арасындағы өзара іс -қимылды жоспарлы түрге ауыстыруды ұсына отырып, осы бағытта Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандыруға және тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Елші армян тарапын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидалары, сонымен қатар, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ұлттық жобалар жөнінде хабардар етті.