Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянмен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянмен кездесті

Ереван, 08 қазан 2021 ж. - Елші Болат Иманбаевтың Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянмен кездесуінде еңбек және әлеуметтік саладағы қазақстан-армян ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Министр Арменияның аталған бағыттарда Қазақстанмен өзара іс-қимылды жандандыруға және тәжірибе алмасуға мүдделілігін білдіріп, ҚР-дың пандемия кезеңінде халықты әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту мәселелеріндегі саясаты өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті.

Тараптар 2021 жылғы 26 мамырдағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы хаттамасының орындалуын және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Армения Республикасының Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы Меморандумға қол қою сұрақтарын талқылады.

Елші армян тарапын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен, сонымен қатар ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизациясының өзекті бағдарламалары мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.