
Ереван, 2021 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Б.Иманбаев Арменияның Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі В.Хачатурянмен кездесу өткізіп, жоғары технологиялар, өнеркәсіп, ғылым және білім саласындағы қазақстан-армян ынтымақтастығының мәселелерін талқылады.
Министр Арменияның Қазақстанмен аталған бағыттар бойынша екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін білдіріп, бұл тұрғыда үлкен әлеует пен өсу перспективасы бар екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар 2021 жылғы 26 мамырдағы қазақстан-армян Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының хаттамасын орындау және 2021 жылғы 13 тамыздағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен АР Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрлігі арасындағы келіссөздердің уағдаластықтарын іске асыру мәселелерін талқылады.
Елші армян тарапын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен, сонымен қатар ҚР-дың әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизациясының өзекті бағдарламалары мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.