
Дилижан, 2021 жылғы 30 тамыз – Ү.ж. Дилижан қаласында (Армения) Қазақстан Республикасының Елшілігі Дилижан мэриясының көмегімен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған фотоэкспозиция ұйымдастырды. Келушілерге полигондағы ядролық сынақтар, "Невада – Семей" антиядролық қозғалысы, Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпауға қосқанүлесі туралы баяндайтын тарихи фотосуреттер ұсынылды.
ҚР Елшісі Болат Иманбаев пен Дилижан қаласыныңәкімі Давид Саргсян фотоэкспозицияның тұсау кесерінде сөз сөйледі.
Фотоэкспозициядан соң қонақтарға бейне материал көрсетіліп, қазақстандық және армян орындаушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған концерт өтті.
Іс-шараларға армян мемлекеттік және қоғамдықұйымдарының өкілдері, БАҚ, Дилижан қаласының тұрғындары, сондай-ақ "Әлемжауынгері" халықаралық әскери ойындарының қаты сушылары қатысты.
Фотоэкспозиция мен концерт армян қоғамдықұйымдары өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу бойынша бастамасын және Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығы мен жүргізіліп жатқан Қазақстанның дәйектісаясатын, сондай-ақ қазақстандық орындаушылардың өнерін жоғарыбағалады.